Шымкент : Шалғай аудандардағы инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда

216

Қала әкімі Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында мәлім етті.

Шалғай аудандардағы инфрақұрылым мәселесін шешу басты назарда тұрғанын жеткізді. Мәселен, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 3 магистралдық және 10 елді мекенге ауыз су құбыры, кәріз жүйелері бойынша 3 магистралдық және 16 ішкі орамдық нысандардың, табиғи газ бойынша №3 АГРС және 2 магистралдық, 11 елді мекенге газ құбырлары, электр бойынша 3 подстанция және 15 елді мекенге ішкі жүйелер құрылысы  жүргізіліп жатыр.

Шілдеде Бозарық қосалқы станцияның құрылысы аяқталады. Нәтижесінде биыл жыл соңында ауыз сумен қамту деңгейі 98 пайызға, газбен 93 пайызға,  сапалы электрмен 97 пайызға жететін болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements