Шымкент : Қайнарбұлақ тұрғын алабы келесі жылы сапалы электр жарығымен қамтылатын болады

215

Қаратау  аумағындағы  Қайнарбұлақ тұрғын алабы 2022 жылы сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Бұл туралы Шымкент қаласы  Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков аталған алабтың  тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

Айта кету керек, бүгін  Қайнарбұлақ  тұрғындары  алабтың  табиғи газбен, сапалы электр қуатымен және ауыз сумен қамтылмай жатқандығы жөнінде наразылықтарын білдірген болатын.  Осыған орай сала мамандары тұрғындардың талаптарын тыңдап, Қайнарбұлақтың инфрақұрылымы   бойынша  жоспарланған жұмыстармен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Нақтылап айтсақ,  Қайнарбұлақты электр қуатымен қамту бойынша, қазіргі таңда мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары басталды.  2022 жылы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады деп жоспарланған. Нәтижесінде, ондағы  тұрғындар сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабын табиғи газ және ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама да  әзірленуде. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша  құрылысты жүргізетін  «МПК проект» ЖШС-і анықталған. Енді  2022 жылы  жобаға сараптама қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.  Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізілетін болады.

Advertisements