АВТОРЛЫҚ ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ БҮЛДІРШІНДЕРДІ КІТАПҚА БАУЛЫҒАН

422


Шымкент қаласында бастауыш сыныбында бүлдіршіндерді кітап оқуға баулып, сана көкжиегін кеңейту жолында Гүлнұр Оразбекова түрлі жобаларды жүзеге асырып отыр.

Қаладағы №23 мектеп-лицейінде 25 жылдан бері тапжылмай бастауыш сыныбында қызмет атқаратын Гүлнұр Рысбекқызы біліктігі және ізденімпаздығымен әріптестері арасында үлкен абыройға ие.

Ол ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны тәрбиелеу мақсатында ашылған «Ұлттық дүниетаным» экспериментіне қатысқан. Бастауыш сыныптарында осы сабақты жүргізіп, ҚР білім беру ісінің үздігі, доцент Аюбай Құралұлымен бірге «Ұлттық дүниетанымды оқыту әдістемесі» әдістемелік құралына авторлық етті.

Ал 2003-2007 жылдары «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі экспериментте болды. Әріптестерінің пікірінше, Өзін-өзі танудың бастауында болуы пәннің оқушыларға ашқысы келетін рухани-адамгершілік білім мен қасиеттердің Г.Оразбекова өз бойында педагогикалық әдеппен үйлесім табуында болса керек. Пән эксперименті аясында, өңірлік, республикалық семинарларда сабақ беріп, тәжірибе алмасты. Курсты енгізудегіи шеберлігі үшін 2004 жылы «Бөбек» қорының алғыс хатымен марапатталды.

Гүлнұр Рысбекқызы бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға баулу, оқушының оқуындағы кедергіні жою арқылы оқуға ынтасын сақтап қалуы үшін мектепте «100 автор, 100 әңгіме» жобасын іске асырды.

Advertisements