Түркістан облысында «Қыс-2021» Республикалық командалық –штабтық жаттығу өткізілуде

1177

2021 жылғы 11-12 қараша күні Түркістан облысының аумағында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінің басқару органдары мен күштерін қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс қимылдарға даярлау мақсатында «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде.
Сағат 08.00-де «Дабыл-1001» сигналы түскен сәтте қала, аудан әкімдеріне, облыстық Азаматтық қорғау қызметтеріне, мекемелер мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарына және «Қыс-2021» РКШОЖ қатысатын мекемелерге қабылданған сигнал жеткізілді.Оқу-жаттығу практикалық түрде 112 пультіне жылдамдығы 25м/сек дауылды жел, қатты жауған қар және ауа температурасы -30°C әсерінен мынадай хабарламалар түскен:1-хабарлама: «Кентау-Шолаққорған» облыстық маңыздағы автомобиль жолында мұз қатып, көк тайғақ, автокөлік кептелістері орын алып, қар құрсауында 18 жеңіл автокөлік, 5 жүккөліктері мен 6 автобус 240 жолаушыларымен жолда қалған, Ащысай ауылы маңында ЖКО (ДТП) орын алып, 1 адам зардап шеккендігі туралы;
2-хабарлама: Электр жүйелерінде мұз қатып, электр желілері үзіліп, салдарынан Ащысай елді-мекенінің тұрғындары жарықсыз қалғандығы туралы;
3-хабарлама: Байланыс жүйелерінің столбылары құлап, байланыс үзілгендігі туралы;
4-хабарлама: Ащысай ауылындағы орта мектептің жылыту қазандығында авария орын алып, мектеп жылусыз қалғандығы туралы хабарлама түскен.
Шартты түрдегі оқу-жаттығу барысында орын алған төтенше жағдайларды жою жұмыстары жүргізілді.
Сағат 10.00-де «Қарғын-2002» сигналын және Түркістан облысының аумағында төтенше жағдайлардың туындауы туралы кіріспені алғаннан кейін, қалыптасқан жағдайды ескере отырып, облыстың және қалалар мен аудандардың ТЖК төрағалары төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге өкім шығарылып, орындаушыларға жеткізілді. Облыстың Азаматтық қорғау қызметтерінің күш пен құралдары дайындыққа келтіріліп, шартты түрде орын алған төтенше жағдайлар салдарын жою үшін Кентау қаласы мен Созақ ауданына облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, төтенше жағдай орнында жедел штаб құру үшін Департамент бастығының орынбасары және облыс әкімдігінің мемлекеттік-құқық бөлімінің басшылығымен 6 арнайы автокөліктермен марш жасау арқылы жолға шықты.
Қазіргі таңда, Кентау қаласы мен Созақ ауданының Азаматтық қорғау қызметтерімен шартты түрдегі авариялық құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізілуде.
Барлық қалалар мен аудандарда қауіпті учаскелер анықталып, арнайы-тактикалық оқу-жаттығулар ұйымдастырылып өткізілуде.
Оқу-жаттығуға «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдар басқармасы тарапынан облыстық маңыздағы автомобиль жолдарын қардан тазартуға жалпы 114 бірлік арнайы техника (20-автогрейдер, 30 самосвал, 14-погрузчик, 2 КДМ, 4-шнекоротор, 2-бульдозер, 16-газель, 31-трактор, 50-қоғамдық көлік), 286 жұмысшылар мен қар басу қауіпі жоғары учаскелерде («Ащысай», «Одаман бұлақ», «Таскөмірсай», «Шыбықбел» асуларда) 4 жылыту бекеттері (60 орындық) төсек орындармен, азық түлікпен және инертті материалдар 1000 м3 құм, 350 тн тұз дайындыққа келтірілген.
Республикалық автомобиль жолдарын қардан тазартуға жалпы 41 арнайы техника (5-автогрейдер, 11-КДМ, 2-шнекоротор, 8-погрузчик, 1-автобус, 4-Газель), 60 жұмысшы, инертті материалдар 2000 м3 құм, 500 тн. тұз дайындыққа келтірілген. Оқу-жаттығу шеңберінде облыстағы шартты түрдегі төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша іс-шаралар жалғасуда

Advertisements