Н.Қаракөзев қала аумағындағы шомылу маусымын қорытындылады

266

Ақпараттық-коммунициялық орталығында Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы, капитан Н.Қаракөзевтің қатысуымен брифинг өтті.

Баспасөз мәслихатында Н.Қаракөзев қала аумағындағы шомылу маусымын қорытындылады.
– Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жазғы кезеңдегі шомылу маусымының қауіпсіз өтуіне ерекше көңіл бөлді. Бұл бағытта қала әкімінің қаулысына сәйкес практикалық және профилактикалық іс-шаралар кешені атқарылды. Осы ретте су айдындарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жүргізілді. Қала аумағында шомылу маусымы ресми түрде аяқталды. Алайда өңірдегі ыстық күндер әлі де байқалады, сондықтан да судағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша профилактикалық рейдтер жалғасады, – деді Нұржан Нұрханұлы.

Спикердің сөзінше, арнайы белгіленген және тыйым салынған су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында Департамент тұрақты түрде насихаттау жұмыстарын жүргізген. Шомылу маусымында Департаменттің жедел-құтқару жасағының 55 құтқарушысы халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен. Қала аумағында 40-қа жуық жеке құтқарушы 18 объектіде (аквапарктарда, бассейндерде) қосымша жұмыс атқарған.

Advertisements