«Кемел болашақ» орталығын құру және оның қызметін қамтамасыз ету» жобасы

456

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ 2021 жылғы мемлекеттік тапсырманы іске асыру мақсатында «Кемел болашақ» орталығын құру және оның қызметін қамтамасыз ету» жобасы шеңберінде әлеуметтік жобалардың өңірлік Акселераторларын құру процесін сараптамалық-әдістемелік жетелеуді қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік жобалар Акселераторы – жергілікті қоғамдастық көшбасшыларын қолдау тетігі, азаматтық қоғамды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және «Рухани жаңғыру» қағидаттары негізінде өңірлердегі әлеуметтік бастамалар мен жобалардың тұрақтылығы үшін жағдай жасау құралы болып табылады.

Осыған орай, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша әлеуметтік жобалар Акселераторына байқау туралы Ереже және өтінім формасы (сауалнама) әзірленді. Аталмыш ережемен жіті танысып, байқауға қатысуға өз өтінімдеріңізді ұсынуларыңызға болады.

10-30 қыркүйек аралығында өтетін конкурсқа қатысуға келесі бағыттар бойынша жобалық топтар шақырылады:

1)инклюзивті қоғамды дамыту (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды, қарт адамдарды, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды, аз қамтылған көп балалы отбасыларды қолдау);

2)бейресми білім беру шеңберінде өзекті құзыреттерді дамыту (қаржылық, құқықтық, медиалық, IT, цифрлық сауаттылық, ағылшын, мемлекеттік тілдерді меңгеру);

3)ауылшаруашылық, өңірлік, білім туризмін дамыту;

4) мәдениет, өнер және халық шығармашылығы және спорт саласындағы жобаларды біріктіретін алаңдарды дамыту;

5) халықтың экологиялық мәдениетін дамыту;

6) аумақты (ауылды, ауданды, қаланы) дамыту, қалалық ортаны дамыту, урбандалу саласының жобаларын қолдау.

Advertisements