Шымкентке 5 айда 96,9 млрд теңге инвестиция тартылды

241

Шымкентте осы жылы инвестиция бағыты қарқын алған. Әр аптада инвестициялық штаб отырысы өтіп, онда инвест жобалар талқыланады екен. Бұл туралы Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов Президент жанындағы орталық коммуникациялық қызмет алаңында өткен баспасөз брифингінде толығырақ баяндады.

«Осы жылдың 5 айында қала экономикасына 96,9 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 23,7 пайызға артты. Инвесторларға оңтайлы жағдай жасау бюрократияны жоюдан басталады. Осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Әр жұма сайын өтетін штаб отырысында жаңа жобалар, инвесторлармен кездесетін мәселелер талқыланып, тікелей жұмыстар жасалуда» — дейді Мұрат Әйтенов.

Сонымен бірге, Президенттің инвесторлар пулын жасақтау тапсырмасы бойынша, құны 2,5 трлн.теңгені құрайтын 261 инвестициялық жобаның базасы әзірленді. Оның ішінде, биылғы жылы 171,6 млрд.теңгеге 2 500 жаңа жұмыс орнымен 68 жобаның іске асырылуы жоспарланды деп мәлімдейді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements