ШЫМКЕНТ: ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 20 ЖЫЛ ТҰРҒЫН АЛАБЫ БИЫЛ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

405

Абай ауданында 34 елдімекен болса, ондағы тұрғындардың барлығы электр жарығымен қамтылған. Оның ішінде 8 елді мекен сапалы электр энергиясын жеткізуді қажет етеді.
Солардың бірі – Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабы. Бүгінде аталған елдімекен тұрғындарын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында осы жылдың шілде айында құрылыс жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда құрылысқа жауапты «Алтын Констракшн» ЖШС тарапынан атқарылған құрылыс жұмыстарының 55 пайызы аяқталды.
Жоспар бойынша құрылыс жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен әр үйге жеке есеп шот ашып, электр қуатына қосу жұмыстары атқарылады. Нәтижесінде тұрғын алаптағы 812 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements