ШЫМКЕНТ: «Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталды

296

Жақында жылу беру маусымы басталады. Осыған орай тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында 18 тамыздан бастап Шымкентте «Өрт қауіпсіздігі айлығы» басталды. Құрамына ТЖ департаментінің, полицияның, жергілікті атқарушы органдардың, газ беру мекемелерінің қызметкерлері және еріктілер кіретін мобильді топтар қала тұрғындары арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.

Құтқарушылар алда жылыту маусымына жылыту құралдар мен жабдықтарды бүгіннен бастап дайындау керектігін еске салады. Мұржаларды уақытында тазалап, пешті ағартуды ұсынады. Қарапайым сақтық шаралары, өрт қауіпсіздігі мәселелерінде адамдардың жүріс-тұрыс мәдениетін арттыру жалғыз алдын алу шарасы болып табылатынын еске салады. Электрлік және басқа жылыту құрылғыларының жұмысын бақылау өте маңызды.

Өткен маусымда тұрмыстық газ аспаптарын пайдалану кезінде табиғи газбен уланудың 5 жағдайы тіркелді, соның нәтижесінде 4 адам қаза тапты (оның ішінде 2 бала), 3 адам жарақат алды. Өткен маусыммен салыстырғанда улану саны екі есеге, қаза болғандар – екі жарым есеге, зардап шеккендер – 33% – ға азайды.

Advertisements