ШЫМКЕНТ: Пайдалануға жарамсыз электр сымдары ауыстырылады

222

Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері өткен жылу беру маусымында өрттердің және табиғи және улы газбен уланудың алдын алу үшін аулаларды аралап, 308210 тұрғынға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Сонымен бірге, әлеуметтік қорғалмаған отбасыларда қайырымдылық көмек ретінде ескірген, пайдалануға жарамсыз электр сымдарын ауыстырып берді. Биылғы жылы бұл жұмыстар да жалғасын таппақ.

Өрт қауіпсіздігі айлығы кезеңінде көп балалы және әлеуметтік қорғалмаған 2000-нан астам отбасыны газ сигнализаторларымен қамтамасыз ету жоспарланған. Қазіргі уақытта қаладағы барлық аудандарда дабыл қаққыштар орнату жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Өрт қауіпсіздігі ережелерін еске саламыз!
Электр құралдары мен жылыту пештерін орнату кезінде абай болыңыз! Ақаулы розеткаларды, басқа электростатикалық заттарды пайдаланбаңыз. От жағылған пештерді қараусыз қалдырмаңыз, абайсызда қолдану қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін өрт қауіпсіздігі жағдайларына сәйкес келмейтін пештерді пайдалануға жол бермеңіз. Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 телефондарына хабарлаңыз.

Advertisements