Шымкентте кәсіпорын озық технологиялардың арқасында сапалы өнім шығаруда

248

«Компания WDA» ЖШС шаһардағы алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың бірі. Бүгінде металл-пластикалық терезе мен есіктерге жаңа технология бойынша керек-жарақтар шығарады.

Қуаттылығы айына 30 тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы. Аталған зауыт Түркияның қондырғыларымен жабдықталған. Мұндағы тауардың ерекшелігі- беріктігінде. Әрбір деталі мен пішініне мән беріледі. Сондықтан болар тың технологияның арқасында зауыт сапалы әрі төзімді өнім шығаруда. Қажетті шикізат-отандық.

Бүгінде компания өнімі ең сапалы шикізаттардан дайындалады. Мұнда әбден тексерістен өткен материалдар қолданылады. Керек-жарақтар өндірісіндегі ең басты шикізат – мырыш. Оны KAZZINK компаниясынан алады. Ол Қазақстандағы және әлемдегі ең озық мырыш өндіретін кәсіпорын саналады. Серіктестік өнімі жүз пайыз отандық шикізаттан тұрады. Осылайша «Компания WDA» ЖШС қазақстандық өндірушілерді қолдап, ұлттық экономиканың дамуына айрықша үлес қосуда.

Айтып өтейік, зауытта «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» аттестациялаған өз зертханасы бар. Аталмыш мекемеде сырттан әкелінген шикізаттардың тазалығына және керек-жарақтар шығару ісі мен дайын бұйымның сапасына жіті бақылау жүргізіледі. Зертхана соңғы үлгідегі техникамен жарақталған, шығарылған өнімді қажетті деңгейде бақылап отыратын сынама стендтермен қамтамасыз етілген.

Advertisements