Шымкентте қарқынды бау көлемі артып келеді

231

Қалада жыл санап қарқынды бау көлемі артып келеді. Солардың бірі Абай ауданы, Алтынтөбе елді мекенінде орналасқан «Керемет Сапа» ЖШС-і.

Бұл кешен 2020 жылы іске қосылған. Қазіргі таңда мұнда 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Шаруашылықтың иелігіндегі 15 гектар жерге алма бауы егілген, онымен қоса , жаңа технологиядағы тамшылатып суару әдісімен 10 гектар жерге картоп өнімін еккен.

Жылына 800 тоннаға дейін алма, 500 тоннаға дейін картоп өнімін өндіреді. Өз өнімін қаламыздан бөлек Еліміздің шет аймақтарына да шығарады.

Жалпы ауыл шаруашылығындағы қай саланы айтсақ та еліміздің агронеркәсіп саласына тигізер пайдасы өте зор. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жері аз мегаполисте интенсивті шаруашылықты дамытқан тиімді. Сол арқылы аз жерден көп өнім алуға болады. Мәселен жай алма бауы  10 тоннаға жуық өнім берсе қарқынды баудың әр гектарынан  40-50 тонаға дейін жеміс алуға болады. Шымкентте алдағы уақытта бау шаруашылығын мың гектарға жеткізу жоспарланған.

Advertisements