АБАЙ АУДАНЫНДА 8 АЙДА 26 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

401


Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы әлеуметтік нысандар орналасқан аумақтарда түнгі жарықшамдар санын көбейту туралы аудан әкімдеріне тапсырма жүктеген болатын. Осыған орай аудандарда ауқымды шаралар жүргізілуде.

2021 жылға дейін Абай ауданындағы көшелердің 7 пайызы ғана жарықтандырылған болатын. Көрсеткішті арттыру мақсатында биыл жеті айда мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 26 көшеге жарықшам орнатылды.

Атап айтқанда, Самал-3 ш/а Яссауи, ағайынды Тәжібаев және Сыздықов көшелері; Тұрлан ш/а Іңкәрдария көшесі; Казына көшесі; 4 ш/а Досжанов көшесі; 4 ш/а Байтулы Баба көшесі; Ынтымақ ш/а Ырысметов көшесі; Ынтымақ ш/а Сүйінбай көшесі; Ынтымақ ш/а Жабаев көшесі; Ынтымақ ш/а Ташкент көшесі; Агро Фирма (Қарасу) орталық көше; Шұғыла ш/а Өзекті көшесі; Самал-3 ш/а Ізгілік көшесі; Мамин Сибиряк көшесі; Қосдиірмен, Самал-3 ш/а Б.Момышұлы көшесі; Шұғыла ш/а Егемен Ел көшесі; Ақжар т/а орталық көшесі; Қызылжар ш/а Ермат ата көшесі; Жайлау ш/а Әлмахан қажы көшесі; Жайлау ш/а Ақсуат көшесі; Солтүстік Батыс Нұрлытаң көшесі; Қазақ ордасы; Юсупов және Төлебаев көшелері.

Жыл соңына дейін тағы 18 көше жарықтандырылады.

Олар: Зерделі көшесі Гагарин көшесінен-Водопьянов көшесіне дейін, Павлов көшесі, Спатаев, Темірлан тас жолы, Отарбаев, Алпамыс батыр, Өмешұлы көшесі, Алтынтөбе орталық көшесі, Н.Сүлейменов, Жаңаталап т/а Айдарқұл, Отырар көшесі, Бәйдібек би, Б.Исаханов, 1 Бадам көшесі, Бекболатов және Айшықты, Шалқаркөл, Есбол қажы көшелері.

Нәтижесінде жыл соңында аудандағы көшелердің жарықтандырылуы 11,5 пайызға өседі.

Advertisements