ШЫМКЕНТ: БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН САЛЫНҒАН 57 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

329

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифинг барысында қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мүлкеманов хабарлады.
Оның айтуынша, биылғы жылы қалада бюджет есебінен 479,9 мың шаршы метрлі 5 912 пәтерлі 97 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
– коммуналдық 122,2 мың шаршы метр 1 656 пәтер 26 үй;
– кредиттік 251,9 мың шаршы метр 3 176 пәтерлі 53 үй;
«Shymkent» ӘКК 105,8 мың шаршы метр 1 080 пәтерлі 18 үй.
Жыл соңына дейін 298,6 мың шаршы метрді құрайтын 57 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға беру жоспарлануда. Ол 3 512 пәтер. Одан бөлек, ағымдағы жылы 1 580 пәтер сатып алу жоспарланған.
– Жұмысшы жастарға 900 пәтер;
– Көп балалы аналарға 444 пәтер;
– Халықтың әлсіз топтарына – 236 пәтер.
Биыл қалада тұрғын үй құрылысы 11,4 пайызға артып отыр.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Advertisements